Өз немересін сатпақ болған әже құрықталды
Өз немересін сатпақ болған әже құрықталды
10 жыл бұрын 3450

Мәскеу қаласының маңындағы Дедов ауруханасынан өз немересін ұрлап әкетіп, оны артынан сатпақ болған әже құрықталды. Бұл жайында облыстық тергеу басқармасы хабарлады. Бұл жағдай маусым айының орта шенінде орын алған болатын. Дедов қалалық аурухананың балалар палатасынан шарана жоғалады. Артынан шарананы 45 жастағы әжесі ұрлап әкеткені анықталады.Сатып, пайда көру үшін. Қоғамды дүр сілкіндірген бұл қылмыстық іске қатысты тергеушілердің де қорытындысы шықты. Өз немересін ұрлап, сатпақ болған әжеге қандай жаза кесілді. Бұл турасында ақпарат әлі белгілі болмай тұр.

0 пікір
Мұрағат