Аязды күні мектепке 5 шақырым жол жүріп келген 8 жастағы оқушы (фото+видео)
Аязды күні мектепке 5 шақырым жол жүріп келген 8 жастағы оқушы (фото+видео)
6 жыл бұрын 8945 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ван Фумань есімді 8 жастағы бастауыш сынып оқушысы 9 градус аязға қарамастан Синьцза таулы елді-мекеніндегі Чжуаншанбао мектебіне жаяулатып келгені күллі қытай халқын дүр сілкіндірді. Сыныпқа қасы-көзін, шашын қырау басқан күйі кіріп келгенде сыныптастары мен мұғалімі оның көзсіз ерлігіне айран-асыр қалмасқа әддісі қалмады. Ол сабаққа қатысу үшін күніне 5 шақырым мектепке дейін, мектептен үйіне дейін тағы 5 шақырым, сонда жалпы 10 шақырымдай жол жүреді. Жаяу. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан. Ол оқитын мектеп директоры Фу Хэн оқушының суретін ғаламторға жүктеп, әлеуметтік желіге жариялаған екен. Оның бұл әрекетіне сүйсінген әрі жаны ашыған қайырымды жандар 15 мың доллар қаржы жинап берді әрі ол білім алатын білім ошағын жылытуға арналған 20 жылыту құрылғысын сатып алып берді. Өйткені, мектепке жылу берілмейді екен. Ван Фумань шалғай шағын елді-мекенде әпкесімен және әжесімен бірге тұрады. Әкесі нәпақа табу үшін алыста жұмыс істейді. Баласы танымал болған әке оның мұндай күйге түскеніне өзін кінәлап, үйіне оралды. Ауыл тұрғындары оның әкесіне ауылдан жұмыс тауып берді. Мектеп директоры атап өткендей, бала зерек әрі ынталы. Сабақ үлгерімі жақсы.

Әпкесімен

Мектепке қатынайтын жолы

0 пікір
Мұрағат