Австралияда «Рамазан фестивалі» өтеді
Австралияда «Рамазан фестивалі» өтеді
10 жыл бұрын 2764

Австралиялық мұсылман жамағаты Сидней қаласының тұрғындарын ораза айының құрметіне орай Рамазан фестиваліне шақыруды жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар дінаралық татулыққа бастайтын осынау шара арқылы түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, қоғамда қалыптасқан ислам жайындағы жаңсақ түсінікке тойтарыс беруді мұрат етіп отыр. Фестивал аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, мұсылман киімдері мен шығыстың зергерлік бұйымдары, халал тағам түрлері, қынамен салынған суреттер, т.б. заттар саудаға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат