Ғарыштан жер шарының көлеміндей алмас табылды
Ғарыштан жер шарының көлеміндей алмас табылды
3 жыл бұрын 1764

Маусым айының 23-і күні NRAO ұлттық радиоастрономиялық обсерваториясы бұрын белгісіз болып келген аспан шырағы туралы жаңалық ашқандарын жария етті. Ғалымдар оны жер шарының көлеміндей алмас ретінде сипаттап отыр. Астрофизика журналында (Astrophysical Journal) жарияланған мақалада айтылғандай, осынау аспан денесінің ең суық әрі ең жарық екенін анықтаған. Зерттеушілер аталмыш аспан денесінің тығыздылығының өте жоғары екенін айтып отыр. Миллиардтаған жыл бұрын оның өмірлік циклі аяқталғанын да анықтаған. Шамамен 11 млрд жыл толған аспан денесінің көмірқышқыл мен оттегіден тұратынын да жайып салды. Ғалымдардың гипотезасы бойынша аспан денесі төменгі темпаратурадан кристалданған. Оның беткі қабатындағы температура Цельсий бойынша шамамен 2700 градусты құрайды.

0 пікір