Әскерде сақал жіберуге және шариғат шәлісімен жүруге рұқсат берді
Әскерде сақал жіберуге және шариғат шәлісімен жүруге рұқсат берді
2 жыл бұрын 2214

Зайырлы қоғамды жақтайтындар мен дәстүрлі құндылықтарды ұстанатындар арасында талас-тартысқа айналған шариғат шәлісіне қатысты мәселе түрік әскерінде оң шешімін тапты. Түркияның қарулы күштері шариғат шәлісін тағып жүруге рұқсат берді. Бұл жайында Al Monitor ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, үстіміздегі жылдың наурыз айының 20-ы күні жоғарғы әскери сот отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің немесе әскери қызметкерлердің хал-жағдайын сұрап келген әйел туыстарына, анасына, қызына, жарына, т.б. әскер казарманың және әскери әлеуметтік инфрақұрылым аумағына шариғат шәлісімен кіруге салынған тыйымның күшін жойды. Әскери соттың бұл үкімі қатып қалған сеңді бұзып, әскерилер мен олардың туыстарын шаттыққа бөледі. Офицер Һакан Қаябасы әйелін әскери казармаға шариғат шәлісін таққаны үшін кіргізбей қойғандықтан қорғаныс министрлігімен соттасқан болатын. Аталмыш министрлік тыйымды күшінде қалдыруды талап еткенімен әскери сот бұл мәселеге нүкте қойғандай болды. Бұл шешім тек шариғат шәлісіне ғана қатысты емес, сонымен қатар, ерлердің сақал жіберуіне де рұқсат береді. Ендігі жерде сақал жіберген әскери қызметкерлер мен сарбаздар әскери клубтар мен әлеуметтік нысандарға емін-еркін кіре алатын болды.

1 пікір