Әртүрлі: Малайзияда етегі эскалаторға ілініп қалған бүлдіршін мерт болды (видео)
Әртүрлі: Малайзияда етегі эскалаторға ілініп қалған бүлдіршін мерт болды (видео)
2 жыл бұрын 1950

Малайзияда хиджаб киген қыз эскалатормен ойнап жүргенде киімі ілініп кетіп, қаза болды.
Бұл туралы fapnews.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Камераға түсіп қалған жантүршігерлік оқиға 3 сәуірде Куала-Лумпурдың Kenanga сауда орталығында болды.
Алты жасар Норхаяда София Муса (Norhayada Sofia Musa) әпкесімен эскалаторды ұстап, анасының көзінше ойнап жүрген. Аяқасты бүлдіршіннің үстіндегі хиджабы эскалатордың шетіне ілініп қалып, баланы төменге сүйретіп әкетті. Сол сәтте телефонға алаңдап тұрған анасы қызын құтқарып үлгермеді. Қыз бала бастан жарақат алып, сол жерде көз жұмды.
Көз жұмған бүлдіршіннің туыстары бұған эскалатор айналасын дұрыс қоршамаған сауда орталығының иесін кінәлап отыр.
Кішкентайлардың эскалатормен ойыны оқыс жағдайларға апарған кездер бұған дейін де орын алған.
2012 жылы Новосибирск қаласында 3 жастағы бала эскалатормен ойнап жүріп құлап кеткен еді. Абырой болғанда бүлдіршін аман қалған болатын.
Ал 2010 жылы Стамбулда эскалатордан құлап кеткен 4 жастағы баланың тіптен жолы болды. Оның құлап бара жатқанын байқаған ер кісі дер кезінде ұстап үлгерді.

 

Қалыңдық ретінде жыланды таңдады

Үстіміздегі жылдың осы айында Үндістанда өзгеше үйлену тойы болды. Елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының тұрғыны 27 жастағы Сандип Патель бауырымен жорғалаған жыланға, жыланның ішінде де ең улысы – кобраға үйленбекші болған. Бұл жайында The Daily Mirror ақпарат көзі хабар таратты. Қайдағы жоқ, соның ішінде, жанның көшуіне көзсіз сенетін (рекарнация) жігіттің айтуынша, некелеспек болған жылан өткен өмірінде өте сұлу ару болған. Жергілікті храмдардың бірінде оның неке қидыру рәсіміне жиналған жұрттың қарасында қисап болмады: шамамен 15000-дай адам жиналған. Алайда, ессіз жігіттің бұл қадамы сәтсіздікке ұшырады: тәртіп сақшылары қосымша күшмен келіп, қызық көрмекке келген қарақұрым жұртты әзер таратқан. Ал жігіттің өзіне қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып тағылды. Естеріңізде болса, мұндай өзгеше үйлену тойы Үндістанда бірінші рет болып отырмағандығы, осыдан біраз уақыт бұрын бойындағы қарғыс таңбасынан құтылу үшін итке үйленген бойжеткен турасында да хабар таратқан едік.

0 пікір