Әрі "жаңа" әрі жетілдірілген ядролық бомба сынақтан өткізілді (видео)
Әрі "жаңа" әрі жетілдірілген ядролық бомба сынақтан өткізілді (видео)
6 жыл бұрын 3661 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ қарулы күштері тұңғыш рет қолдан басқарылатын B61-12 ядролық бомбасын біліктілік сынағынан өткізді. Бұл жайында Military.com ақпарат көзі хабар таратты. Сынақ кезінде B-2 Spirit деп аталатын көзге шалынуы қиын бомбалаушы стратегиялық ұшағы пайдаланылды. Ядролық зарядсыз оқтұмсық Невада штатындағы Тонопа полигонында сынақтан өтті. АҚШ энергетика министрлігінің ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының өкілі Майкл Люттон айтып өткендей, бұл сынақ ұлттық қауіпсіздік талабына жауап беретін B61 бомбасының мүмкіндігін нақты тексеріп көруге мүмкіндік берді. Естеріңізде болса, аталған ядролық бомба туралы кезінде, осыдан бірер ай бұрын егжей-тегжейлі баяндап, хабар таратқан болатынбыз. Тағы бәр мәрте естеріңізге сала кетсек, B61-12 - жаңа әрі сонымен қатар, B-61 ядролық авиабомбасының 12-ші жетілдірілген түрі. Әуеден тасталған бомба бірнеше шақырымға дейін өздігінен басқарылады. Оның термоядролық қуаты өзгеріп отырады. АҚШ билігі оны Ресейдің агрессиясын тежеп ұстау үшін Еуропада, атап айтқанда, Германия, Италия, Түркия, Белгия және Нидерланды аумағында орналастырады. 

 

0 пікір
Мұрағат