Шөл даланың қуанышы, арабтардың мақтанышы әлемдік мұралар тізіміне енетін болды (видео)
Шөл даланың қуанышы, арабтардың мақтанышы әлемдік мұралар тізіміне енетін болды (видео)
6 жыл бұрын 3508 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы аумағындағы танымал әл-Хаса оазиси мен көне Қалқат қаласы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді. Бұл жайында Бахрейнде өткен ЮНЕСКО-ның жиынында белгілі болды. Осылайша, Саудия жерінде осымен бес обьекті адамзаттың ортақ мәдени құндылығына айналып отыр. Аталған оазисте 1,5 млн-ан аса палма ағашы өседі. Жан-жағын құм қоршап жатқан оазисте мешіт, сарайлар, базар, айлақ, т.б. бар. Ал Үнді мұхитының жағалауында орналасқан Калқат ежелгі шаһарына келсек, кезінде ол Оман сұлтанатының орталығы, яғни, елордасы болған. Мұнда ислам келмей тұрып іргесі қаланған, 13 шақырымға созылып жатқан қамалды кезіктіресіз. 

 

0 пікір
Мұрағат