Араб каллиграфиясы Батыс суретшілерінің қызығушылығын тудыруда
Араб каллиграфиясы Батыс суретшілерінің қызығушылығын тудыруда
9 жыл бұрын 6612

Ислам мәдениеті мұсылман емес өнер шеберлерін де қызықтыруда. Нақтырақ айтқанда, Джош Берер есімді америкалық каллиграф суретшінің айтуынша, ислам мәдениеті әлем өрекениетін байытатын болады әлі. Ол 19 жасынан бастап, осы өнердің соңына түскен екен. Оның мұндай жолға түсуіне араб тілін білмекке деген талпынысы себеп болған. «Араб қаріптері бір-бірімен табиғи әрі мінсіз жымдасып жатыр. Мінсіздігі сондай, оны өзімнің граффитімде пайдаланбақ болған әрекетім сәтсіз аяқталды», - деп ағынан ақтарылды ол. Араб каллиграфиясына құштар болғаны үшін ислам өнерінен сабақ беретін анасына айтар алғысы шексіз. Араб каллиграфиясына деген құштарлық оны Исфаханға, Гератқа және Ыстамбұлға жетеледі. Араб тілі мамандығын игеріп, қолына диплом тиген соң ол жарты жыл Йеменде тұрды. Мұсылман әлемінің өнерін, мәдениетін өз көзімен көру үшін. Біздің кейіпкеріміз тек бірыңғай каллиграфияны ғана зерттеп қоймай, арабтардың өзге де өнер түрлерін, поэзиясын, сәулетін, т.б. көріп, тәнті болды. 

Арабская каллиграфия манит художников Запада

Арабская каллиграфия манит художников Запада

Арабская каллиграфия манит художников Запада

1 пікір
Мұрағат