Гамалама жанартауы оянды
Гамалама жанартауы оянды
9 жыл бұрын 3232

Бейсенбіден жұмаға қараған түні мұсылмандар көп шоғырланған Индонезияның Терната аралындағы Гамалама деп аталатын жанартау оянды. Нәтижесінде табиғи апаттан 9 адам зардап шегіп, 1 адам із-түссіз жоғалған. Бұл жайында «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабар таратты. Жанартау күлі 2 шақырым биіктікке дейін жеткен. Құтқару қызметінің өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, зардап шеккендердің барлығы альпинистер болып табылады. Олар жарақат алған. Осы топтағы бір адам із-түссіз жоғалған. Жанартаудың оянуына байланысты шамамен 3,5 шақырым радиусты құрайтын қауіпті аймақтан тұрғындар басқа жаққа көшірілді.

0 пікір
Мұрағат