АҚШ-тың Иранға қарсы саясатында Саудияның қалай көмектесетіні беглілі болды
АҚШ-тың Иранға қарсы саясатында Саудияның қалай көмектесетіні беглілі болды
6 жыл бұрын 3664 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық бағдарламаға байланысты мәміледен шығуына байланысты еуропалық державалардың АҚШ-тың бұл қадамын айыптап, қолдау білдіруден бас тартты. Өйткені, еуропалықтарға ең алдымен Иранның арзан мұнайы керек. Бұған қоса, Иранмен арадағы 2015 жылғы келісімге қандай мехнатпен қол жеткізілгенін ескеріңіз. Осы орайда АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық бағдарламасына байланысты келісімнен шығар алдында, дәлірегі, бір күн бұрын Ақ үй әкімшілігі Саудия билігіне қолқа салғаны белгілі болды: егер Иранмен арадағы ядролық бағдарламаға қатысты келісімнен шыққан кезде Иран мұнайына жол жабылуына байланысты мұнай бағасы бірден күрт көтеріліп кетсе, Саудия аталған шикізат нарығындағы бағаны тұрақтандыруы тиіс. Алайда, Ақ үй бұл ақпаратты тарқатып түсіндіруден бас тартып отыр. Оның үстіне, мұнай бағасының көтерілуі экономикасы осынау шикізат түріне тәуелді Ресейдің күш алып, көтерілуіне себеп болмақ. 

0 пікір
Мұрағат