Саудиядағы сән үлгілерін көрсету кезіндегі елестер (видео)
|
Саудиядағы сән үлгілері шарасында елде жоқ ерекше көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыланып, интернет пайдаланушыларын бей-жай қалдырмады. Біреулері шегі қатып күлсе, енді біреулері таңданысын жасырмады. Тағы біреулері наразылығын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Жидда қаласындағы қымбат қонақ үйде өткен салтанатты шарада сән үлгілерінің жаңа коллекциясын әйелдер емес, дрондар көрсеткен. Дәлірегі, дрондар киім ілгіш қызметін атқарып, тамашалауға келген жұртшылыққа көйлек-көншекті көлденең тартқан. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар осылайша шариғат талаптарын сақтаған болды. Алайда, бұл қарадүрсін әрекеті көрермендердің табасына қалып жатты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды