Америкалықтар бір штатын сатқысы келеді
Америкалықтар бір штатын сатқысы келеді
5 жыл бұрын 2332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та бастамашыл топ ел билігіне Монтано штатын Канадаға сату жөнінде үндеу тастады. Бір трлн долларға. 22 трлн долларға жеткен мемлекетік қарызды азайту үшін. Бұл жайында New York Post мерзімді басылымы хабар таратты. Ерекше петиция Change.org сайтында пайда болған. Бұл бастама көтерілгелі бері 14 мыңдай адам қосылып, қолын қойған болатын. Аталмыш штатты көрші елге сатуды жақтайтындар қарасы артып келеді. Десе де Монтано штатының билігі петицияның қарқын алып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, штатты сатуға тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр. 


0 пікір
Мұрағат