Бала тууға шектеу қойылды
Бала тууға шектеу қойылды
5 жыл бұрын 3740 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі туу көрсеткішін төмендету мақсатында "Екеуі жетеді" деген атпен демографиялық шектеу шарасын қолға алды. Пирамидалар елінің әлеуметтік ынтымақ министрлігіндегі аталмыш бастаманы үйлестіруші Ранда Фарес негізгі мақсат ел тұрғындарының санасын өзгертуге саятынын жеткізді. Бұрын да хабарлағанымыздай, аталған ел тұрғындарының саны 100 млн адамнан асып кеткен. Жыл сайын 2,6 млн адамға көбейіп отырады. Халық санының көбеюіне байланысты Мысырдың экономикалық-әлеуметтік әлеуетіне қауіп төнген. Дәлірегі, жұмыссыздықтың белең алуы, су ресурсы мен азық-түлік тапшылығы, т.б. проблемаларды халық санының көбеюімен байланыстырып отыр. Мысыр билігі. 

0 пікір
Мұрағат