Америкада исламға қарсы жарнама көбейді
Америкада исламға қарсы жарнама көбейді
10 жыл бұрын 4087

Вашингтон қаласының қоғамдық көліктерінде исламға қарсы жарнама мұсылмандардың наразылығын тудыруда. Бұл жолы исламофобтар жерден жеті қоян тапқандай исламды нацизммен байланыстырған.

«Ислам жөйттерге жек көре қарайды», - деп Құранда айтылған. Американың қаржылай көмегінің үштен екісі ислам елдеріне кетіп жатыр. Ислам елдеріне ағылып жатқан көмекті тоқтатайық»,- деп жазылған қоғамдық көліктерге жапсырылған  жарнамада.

Осы келеңсіздікке байланысты Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңес бұған қарсы өздерінің дінаралық татулықты насихаттайтын жарнамаларын орналастыруды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат