Қоғамдық көліктер электр жолымен жүретін болады
Қоғамдық көліктер электр жолымен жүретін болады
10 жыл бұрын 3855

Швецияның көлік әкімшілігі мен автоөндірушілері бірігіп қолға алған жоба бойынша энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияларды жетілдіруге күш салып келе жатқан Volvo компаниясы автобустардың электрлі жолдан қуат алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Аталмыш компанияның бұл мақсаты орындалса қоршаған ортаға зияны тимейтін, экологиялық жағынан тиімді қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсететін болады. Бүгінгі таңда компанияның электрлі автобустары елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен, электр жолы төселген Гетеборг қаласының көшелерімен жүйткіп жүр. Volvo компаниясы энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияны жетілдіруге күш салып келе жатыр.

Жанар-жағармайсыз, тек электрлі жолдан сымсыз қуат алып, қозғалатын автобустар Оңтүстік Кореяда  да кездеседі.

0 пікір
Мұрағат