Әлемде бала өлім-жітімі бойынша мұсылман елі көш бастаған
Әлемде бала өлім-жітімі бойынша мұсылман елі көш бастаған
6 жыл бұрын 3175 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерек бойынша жылына 1 миллион бала туа салып шетінеп кетеді, тағы 1,6 млн бала бір айға жетпей көктей солады екен. Бүкіл әлемдік балалар қоры ЮНИСЕФ-тің мәліметіне қарағанда, бала өлім-жітімі мұсылман елдерінде көп. Нақтырақ айтқанда, Пәкістан мен Ауғанстанда және мұсылмандар геноцидке ұшырап отырған Орталық Арфика Республикасында. Тарқатып айтсақ, бала өлім-жітімінің, дәлірегі, жаңа туған шараналардың 80%-дан астамы шала туғаннанғ яғни, мезгілі жетпей туғаннан, босану кезінде және инфекциядан шетінейді. Бұл өлім-жітімнің дені қарапайым тазалық сақтау талаптарының сақталмауынан, аяғы ауыр әйелдің өз денсаулығына немқұрайды қарап, күтінбеуінен, дұрыс немесе уақыты әрі тойып тамақтанбаудан, т.б. себептерден орын алады. Яғни, бала өлім-жітімінің алдын алу шаралары орындалмайды. Мәселен, Пәкістанда әрбір 22-ші шақалақ бір айға жетпей шетінеп кетеді. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. «Бұл проблеманы кешенді, жан-жақты қарастыратын тәсіл жоқ»,- деп мәлімдеді Пәкістанның ағартушылық бағытта жұмыс істейтін HealthOrientedPreventiveEducation ұйымының жетекшісі Мүбина Агбоатвалла. Тағы бір айта кететіні, Пәкістанның оңтүстік өңірінде орын тепкен Тхарпаркар аймағында 2011-2016 жылдар аралығында 1500-нан аса бала бес жасқа жетпей көктей солған. Аталған елде туған шараналардың 80 пайыздан астамының салмағы кем, бұған тойып тамақт ішпеу, жоқшылық себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат