Елімізде бай мен кедейдің арасы қатты алшақтап барады
Елімізде бай мен кедейдің арасы қатты алшақтап барады
6 жыл бұрын 4567 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біз айтар едік, соңғы жылдар бедерінде, нақтырақ айтқанда, статистика бойынша 2016 жылдың соңынан бастап «ғарыштық жылдамдықпен» байқалып отыр бұл әлеуметтік жағымсыз үрдіс. Яғни, еліміздегі бай мен кедейдің арасында шыңырау пайда болған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең дәулетті деген ел тұрғындарының 10%-ның жалпы табысы әлеуметтік тұрғыдан ең аз қамтылған ел тұрғындарының 10 пайызының жалпы табысына шаққанда алты есеге өскен. 2015 жылы бұл көрсеткіш 5,5 пайыз болған еді. Бұл жағымсыз үрдіс өз кезегінде қоғамның наразылығын тудырып отыр. Бұл заңды да. Саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар бұл ахуалды «әлеуметтік әділдікті талап ету» деп бағалап отыр. Сарапшылар бұл тығырықтан шығу үшін прогрессивті салық енгізуді алға тартып отыр. Яғни, байлар салықты көп төлеуі тиіс. Сонда ғана бұл мәселе белгілі бір деңгейде өз шешімін табады. Бұған қоса, мемлекет қазынасына да қаржы түсіп, ел бюджетінің бүйірі қампаяды. Десе де айтуға оңай, оны жүзеге асыру қиын. Капиталды ұстап тұру үшін тым жоғары салық салу теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Оның үстіне, бай мен кедейдің арасындағы алшақтықтамауының бір көрінісі - дамыған елдерде экономиканың негізгі тірегіне айналып отырған орта таптың үлесі мүлдем аз - 10–12%-дан аспайды. 2020 жылдары олардың қарасы ары кеткенде 16 пайызға ғана жетеді. Сарапшылардың болжамы осындай. Ал дамыған елдерде олардың үлесі 55%-дан кем емес. 

0 пікір
Мұрағат