Әлем жаңалықтары: Мұсылман әйелі Австралияда «Жыл адамы» атанды
Әлем жаңалықтары: Мұсылман әйелі Австралияда «Жыл адамы» атанды
2 жыл бұрын 889

Осы сәрсенбіде Австралияда «Жыл адамы» сыйлығын иесіне табыс етудің салтанатты шарасы өтті. Оңтүстік Уэльстің жоспарлау министрі Прю Говард (Pru Goward) Австралияның әскери теңіз күштерінде қызмет ететін капитан Мона Шиндиге (Mona Shindy) өз қолымен арнайы сыйлықты салтанатты жағдайда табыс етті. Мұсылман әйелі осынау сыйлыққа соғыстан зардап шекккен аудандарға көмек көрсеткені үшін лайықты деп танылды. Ол әскери қызметкерлері мен мұсылмандардың өзара түсінісіп, тіл табысуына күш салды. Сондай-ақ, біздің кейіпкеріміз әскери жүйені жобалау және бағалау бағытында да тер төгіп келеді.

 

Сеулдегі АҚШ елшісіне шабуыл жасалды

Оңтүстік Корея астанасында АҚШ елшісі Марк Липперт өзіне жасалған қастандықтан жараланып қалды. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ еелшісіне шабуыл Сеулдің қақ ортасында, тапа тал түсте орын алған. Жергіілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген оқиғаның мән-жайына қарағанда, шашын таақырлап аалған белгісіз бір адам «Оңтүстік және Солтүстіік Корея қосыылуы тиесі»,- деп айғайлап, елшіге тап берген. Полиция күдіктіні қолға түсірді. Оның тегі – Ким. Марк Липперт өткен жылы Оңңтүстік Кореяға елші болып тағайындалған. Бұрын ол АҚШ қорғаныс министірінің Азия мәселелері бойынша көмекшісі болып, қызмет атқарған.

 

Ливия билігі қару эмбаргонын алып тастауды сұрады

Ливия билігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне ИСИМ содырларынан қорғану және олармен ұрыс жүргізу үшін қару эмбаргосын алып тастауды, яғни, қару ұстауға қатысты тыйымның күшін жоюды сұрады. БҰҰ-дағы Ливия өкілі Ибрагим Даббашидің мәлімдеуінше, халықаралық қауымдастықтың әрекетсіздігі террористік топтардың күш алуына апарып соқтырды. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 5-і күні Мароккада БҰҰ-ның дәнекер болуымен ливиялық көтерілісшілер мен бірыңғай министрлер кабинетін жасақтау тақырыбында келіссөз жалғасуда. БҰҰ өз кезегінде эмбарго алынып тасталса, қару-жарақтың содырлар қолына түсіп қалатынынан қауіптеніп отыр. Ал Ливия қаруды бақылайтын халықаралық қадағалаушыларды қабылдауға дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ливияда қос үкімет бар: олардың біреуі – халық сайлаған парламент, елдің шығысында орын тепкен Тобрук елді-мекенінде. Екіншісі – ислами ұлттық конгресс, Триполи қаласында орналасқан.

 

Иран қоқыстан энергия алу үшін плазмалық реактор тұрғызуды жоспарлап отыр

Иран инженерлері жақын келешекте энергия алу мақсатында қоқысты өңдейтін плазмалық реактор тұрғызуды жоспарлап отыр. Бұл жайында ирандық ISNA студенттер агенттігі Иранның жаңа энергия түрлері жөніндегі ұйым директоры Юсеф Армуделидің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Иран аталмыш жобаны жүзеге асыратын болса, өзгеше әрі бірегей технологияға ие елге айналады. Мұндай жобалар әлем бойынша тек АҚШ-та, Жапонияда, Канадада және Францияда ғана бар. Айта кету керек, аталмыш жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылған. Десе де, ирандық ғалымдар бұл бағытта қандай нақты жетістіктері жетті, ол турасында ақпарат жоқ.

 

Сенегалдағы өртенген дүкенде Құран жанған жоқ

Сенегалдағы автобус терминалындағы дүкені отқа оранып, өрттен күлі ғана қалды. Тек сондағы қасиетті Құранның данасы дін аман қалған. Куәгерлер бұған айран-асыр қалып отыр. Мұсылмандардың қасиетті кітабының өрттен аман қалуының бас-аяғы бұл емес. Өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Ажман қаласындағы тұрғын үй өртенген. Мұнда да қасиетті Құран данасы өрттен аман қалды. 2012 жылы Индонезиядағы көмір зауытының жұмысшылары тұратын жатақхананы өрт шалып, күлі қалмаған болатын. Мұнда қасиетті Құран данасы дін аман қалған еді.

 

Күресудің жөні бар емес пе?

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтар израилдік тауарларға байкот жариялады. Жуырда олар Рамалладағы алаңда бір машинаға жүк болатын сүт пен йогуртты жерге төгіп, ысырапшылдыққа барды. Палестиналықтардың ашынып, мұндай ессіздікке баруына Израил билігінің палестиналықтар салығынан түсетін табысты аудармай қойғаны себеп болған. Атаалмыш наразылық шарасына ұйытқы болғандар израилдік алты компанияның баарлық тауарын дүкен сөрелерінен алып тастайтындарын мәлімдеді. Әйтсе де, бұл байкотта күш қолданылмайтынын, ешкімді мәжбүрлемейтіндерін де ескертті. Жергілікті дүкендердің шамамен 80%-ы өз еріктерімен израилдік тауарларды саудаға шығармайтын болды. «Біз израилдік тауарларды тәркілеудің және жоюдың екінші кезеңіне өттік»,- деді акция жетекшісі Абдулла Кмаил (Abdullah Kmail).

 

СИАМ ЕГІЗДЕРІН АЖЫРАТУ СӘТТІ ӨТТІ

E-islam.kz сайтының The Daily Mail ақпарат көзіне сіілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда Сауд Арабиясы хирургтары йемендік сиам егіздерін ажырату операциясын сәтті өткізді.
Абдулла және Әбдірахмен есімді егіз сәбилер жамбас сүйегі, ішегі және зәр шығару жүйесі ортақ туылған. Оларды бір-бірінен ажырату үшін дәрігерлер тоғыз сағат бойы тер төккен.
Эр-Риядтағы король Әбдел Әзиз атындағы медицина орталығында жасалған операцияда хирургтар бригадасын денсаулық сақтау министрі Абдулла әл-Ребианың өзі бастаған. Олар егіздердің ішкі органдарының көбі екеуара ортақ болғандықтан алғашқыда олардың біреуі ғана аман қалады деп болжам жасаған. Алайда, қос бүлдіршін де тірі қалды, қазір олар аталған аурухананың педиатрлық бөлімінде ем қабылдап жатыр.
The Daily Mail мәліметінше, Әбдел Әзиз атындағы медицина орталығында 1990 жылдан бері 18 елдің 35 жұп сиам егіздеріне ота жасалған.

 

Британ әскерилері Канадада «сомалиліктермен» және «босниялықтармен» жаттығады

Канададағы сомалилік және босниялық диаспора өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген нысана сатып алуға қатысты үкімет құжатына байланысты шу шығарды. Неге десеңіз, әскерилер көздеп жаттығатын нысаналарға сомалиліктер мен босниялықтар ұлттарының атауы қолданылған. Нақтырақ айтқанда, үйеңкілер еліндегі әскери базада қызмет етіп жүрген британиялық сарбаздардың "Сомалилік АК - 47" және "Босниялық РПГ" деп аталатын адам түріндегі нысананы көздеп жаттығатынын әшкере болды. Сомалиліктер мен босниялықтардың дені мұсылман.

 

Үш жастағы бала кіші інісін жаралап алды

Естеріңізде болса, құрметті оқырман, АҚШ-та анасын немесе бауырын тапаншамен жаралап алу оқиғалары туралы және мұндай жазатайым оқиғалардың тым жиілеп кеткені турасында кезінде хабарлаған едік. Мұндай жағдай осы елдің Теннеси штатына қарасты Хиллсборо қаласында тағы қайталанды. Үш жастағы бала 18 баланы тапаншамен ойнап отырып, басынан жаралап алды. Басынан жарақат алған 18 айлық бала ауруханаға жатқызылды. Суық қару баланың қолына қайдан түсіп жүр? Бұл турасында нақты ақпарат жоқ. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кеткенді жөн көріп отырмыз: үстіміздегі жылдың қаңтар айында Миссури штатында бес жастағы бала он айлық інісін оқтаулы тұрған тапаншамен жаралап алған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Айдахо штатында екі жастағы бала өз анасын тапаншамен жаралап алған еді. Нәтижесінде 29 жастағы анасы алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Бұған анасының салақтығы себеп болған: тапаншаны сөмкесінде қалдырып кеткен еді. Арты қатерге ұрындыра жаздаған мұндай оқиға Пенсильвания штатында өткен жылдың тамыз айында орын алған болатын. Онда жас бала бала бақшаға 22-ші калибрлі тапанша алып келген.

 

Сербияда ұзындығы 2 шақырымдық шұжық әзірленді

Baq.kz порталының BBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда Сербияда өткен жәрмеңкеде ұзындығы 2031 метр болатын шұжық әзірленген.
Аталған тағамды әзірлеу үшін аспаздар барлығы 28 доңызды яғни 3430 келі ет, 60 келі тұз, 5 келі бұрыш және 5 келі сарымсақ жұмсаған.
Айта кетейік, дәстүрге айналған "Кобасициада" шұжықтар фестивалі Сербияның Турия ауылында жыл сайын өткізіліп отырады. Шеберлігі бірінен бірі асатын аспаздар да жыл сайын әр түрлі рекордтарды жаңартып, өңірдегі тағам өнеркәсібінің дамуына өз үлестерін қосуда.
Биыл 31-рет өткізіліп отырған фестиваль 28 ақпанда басталып 1 наурызда соңына жетті.

 

Финляндияда миллионер айыппұл төлемегені үшін елінен қоныс аудармақ

Финляндияда көлікті жоғары жылдамдықпен айдағаны үшін 54 мың еуро айыппұл салынған миллионер басқа елге қоныс аударуды ұйғарған. Бұл жайында 24 kz телеарнасы хабар таратты.
Бұл туралы фин азаматы Рейма Куйсла өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. Қазір ел заңнамасына сәйкес, көлікпен жүру жылдамдығын арттырған адамның жылдық табысы неғұрлым жоғары болса, оның сол үшін төлейтін айыппұлы да қымбат болмақ.
Ал салық декларациясына сәйкес, бизнесмен өткен жылы 6,5 млн еуро табыс тапқан.
Осыған байланысты желіде "Фин жеріндегі әділеттілік деген осы!", - деп жазған Рейма Куйсла бұрын-соңды дәулеті оны Финляндиядан кетуге мәжбүрлейтіні туралы ойламағанын айтып, ренішін білдірген.
Ал 2002 жылы Nokia компаниясының бұрынғы басшысы Анси Ваньоки рұқсат етілмеген жерде көлікті сағатына 75 шақырым жылдамдықпен айдағаны үшін 116 мың еуро айыппұл төлеген.

 

АҚШ-та алтын тиелген жүк көлігін тонап кетті

АҚШ-та мұздай қаруланған үш адам жүк көлігін тонап кетті. Бұл жайында bag.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ұрланған алтын құны 4 миллион долларды құраған. Бұл оқиға наурыз айының 1-і күні Солтүстік Каролина штатындағы I-95 автомагистралінде орын алған. Алтын мен күміс тиелген ауыр жүк көлігі Майами қаласынан Массачусетс штатына қарай қатынаған екен. Жүргізуші техникалық ахауларға байланысты жол жиегіне тоқтап тұрған сәтте оның жанына өзге көлік келіп, ішіндегі мұздай қаруланған үш адам қарақшылық шабуыл жасаған. Олар қолдарына сыйғанша алтын құймаларды алып, өзгелерін тастап кете салыпты. Қазіргі таңда күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Испанияда «ең бақытты мамандықтар» анықталды

Baq.kz порталының еspanarusa.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда спортшылар, ғалымдар мен мұғалімдер – Испанияның «ең бақытты мамандықтары». Бұл – «Adecco» халықаралық компаниясы жасаған рейтинг мәліметтері.
Мәселен, сауалнама барысында спортшылардың 98,9%, мұғалімдердің 95,15% және ғалымдардың 94,45% өздерінің кәсіптік міндеттерін бар ынтамен орындайтынын мойындады. «Бақыт индексі» бойынша 90% көрсеткішке қорғаушылар (92%), медициналық қызметкерлер (91,67%) мен суретшілер (91,18%) жетті. Рейтингтің басқа көшбасшылары қатарында психологтар, журналистер мен өрт сөндірушілер бар.

 

Санкцияның маймылдарға қандай пайдасы бар?

Орталық мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Талғат Тәжуддин «Ресеййдің қоғамдық теледидары» тілшісіне берген сұхбатында ресейліктердің мұхиттың арғы жағындағы жемістерсіз-ақ өмір сүретінін, ал орааза ұстайтындарға санция қорқынышты еместігін мәлімдеді. Ресей Федерациясына Қырымды басып алғаны үшін салынған санкция туралы өзіне қойылған сауалға осылай жауап қайтарыпты. Оның айтуынша, «өнімдер импортының шектелуі кей адамдарға жағымсыз әсер еткен. «Кейбіреулер біізге қарсы санкция салды, банан жей алмаймыз енді, басқасы болмайды деп жылайды. Құдайға шүкір, банасыз-ақ мыңдаған жыл өмір сүрген. Бізде болмаса, Африкадағы көбірек қалады»,- деді ол сөзін толықтырып. Оның айтуынша, Ресейде және Орта Азияда қажетті жеміс-жидек пен көкөністің бәрі бар. Оның сөзіне қарағанда туған жерде өсіп-өнген қорек – денсаулыққа аса пайдалы. Аййта кетейік, православтарда Ұлы ораза ақпан айының 23-і күні басталды. Ол сәуір айының 12-не дейін созылады.

 

Пәкістан халқы халал асты ажыратпай тұтынуда

Пенджаба халал өндірісін дамыту агенттігінің төрағасы судья Халиль-ур-Рехманның мәлімдеуінше Пәкістанның 90 пайыз тұрғыны халал емес азық-түлікті білместікпен пайдаланып келеді.
Аталмыш агенттік көптеген азық түрлерінен шариғат шарттарына сай келмейтін құрамы күмәнді өнімдерді анықтады. Сондай-ақ пәкістандықтардың бұл өнімдерге деген сұраныстар да көп болған.
Агенттік төрағасы осы мәселе жайында тиісті құзыретті органдар мен мемлекеттік мекемелерге хабарлағанымен, мемлекет тарапынан сәйкесінше жауап болмай отыр.
Халиль-ур-Рехман кейбір мұсылман емес елдердің өзінде халал саласын реттейтін ведомства құрып жатыр, сол себепті Пәкістан билігінің бұл бағытта тым-тырыс жатқаны жараспайды дейді. Айта кетейік, Пәкістан халқының 95 пайызын мұсылман қауымы құрайды.

 

Германиялық дәрігер 30 науқасты өлтіргенін мойындады

Германияның солтүстігінде 30 науқасты өлтіргенін мойындаған санитар өмір бойы бас бостандығынан айырылды.
Ол пациенттерге өлімге апаратын дәрілердің аса көп дозасын беріп келген. Нильс Х. атты 38 жастағы ер адам кісі өлтірді деген айыппен кінәлі деп танылды.
Тергеу мәліметтері бойынша санитар науқастарға инъекция жасап, сосын олардың өмірін сақтап қалу әрекетін жасаған. Ол осылайша медициналық қабілетін жақсартуға тырысқан.
Өткен аптада ол қызбалықпен осындай әрекетке барғанын сот билігіне айтып, құрбан болғандардың отбасыларынан кешірім сұрапты.
Айта кетейік, науқастар өлген аурухана Дельменхорст қаласында орналасқан. Ал жазаға тартылған медицина қызметкері 2003-2005 жылдары реанимация бөлімінде жұмыс істеген.

0 пікір
Мұрағат