Шамамен 700 коаланы өлтірді
Шамамен 700 коаланы өлтірді
9 жыл бұрын 3304

Австралия билігінің пәрменімен 700-ге тарта коала өлтірілді. Бұл жайында  AFP ақпарат көзі хабар таратты. Ел билігінің мұндай қадамға баруына коалалардың шамадан тыс көбейіп кеткені себеп болған. Егер олардың санын азайтпаса, қорек жетіспегендіктен, яғни,  аштықтан өздері-ақ қырылып қалар еді. Виктория штатының қоршаған ортаны қорғау министрі Лиза Невилленің (Lisa Neville) айтуынша, аталмыш құрлықта бір гекторға 20 коаладан келген. Сондай-ақ, 686 коаланың денсаулықтарында кінәрат болған. Яғни, ауру коалалардың көздерін жойған. Бұған қоса, коала баяу қозғалатындықтан мекендеген жерінен кетпейді. Егер оларды өзге мекенге ауыстырса, құсадан өледі екен. Десе де, құқық қорғаушылар биліктің бұл қадамын сынға алып отыр.

0 пікір
Мұрағат