Африкадағы христиан елі ислам банкингін игеруге кірісті
Африкадағы христиан елі ислам банкингін игеруге кірісті
29 күн бұрын 778 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы христиан мемлекеті саналатын Уганда президенті ел аумағындағы алғашқы ислам банкісінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Уганда президенті Йобер Мусебен ел астанасы – Кампала қаласында қаржылық операциялар мен мәмілелерді шариғат талаптарына сай жүргізетін Сәлем Банктің ашылу салтанатында бұл шараның Уганда экономикасы мен қаржы саласы үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, діни сенімі мен ұлтына қарамастан қоғамның барлық мүшесі пайызсыз қаржылық операциялардан пайда көреді. «Мен сізді кедейшілікпен күресуге және ақша табуға шақырамын. Кейбір күштер Угандада Ислам университетін ашуға кедергі жасады, бірақ, мен «жоқ» дедім. Қазір ол жұмыс істеп жатыр, тек мұсылмандар ғана емес, әртүрлі мамандарды даярлап шығарады», - деп мәлімдеді Йобер Мусебен. Осы орайда Уган тұрғындарының 83 пайызы католик пен протестанттардан тұратынын, аталған елдегі мұсылмандар қарасы 12 пайыздан аспайтынын айта кетпекпіз. Бұрын Уганда президентінің пәрменімен ЛГБТ насихаты мен қызметіне басы бүтін тыйым салатын заң қабылданған болатын. Бүгінде Африка кәрі құрлыққа қарағанда христиандық белсенді насихатталатын аймаққа айналған. Өткен жылдың демографиялық дерегі бойынша адамзаттың 1,47 млрд-қа тарта бөлігі тұратын Африкадағы халықтың (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай) шамамен 55-57 пайызы христиандар қатарында.

0 пікір
Мұрағат