4,5 мың метр биіктікте күміс өндіріле бастады
4,5 мың метр биіктікте күміс өндіріле бастады
6 жыл бұрын 2741 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанның шығысында орын тепкен Мургаб ауданында теңіз деңгейінен 4,5 мың биіктікте орналасқан "Якджилва" кен орнынан C.A. Minerals CAML.L компаниясы күміс өндіре бастады. Аталмыш жобаға 90 млн сомон (10 млн доллар шамасында) инвестиция құйылды. Байыту-өңдеу  фабрикасының қуаты жылына 12,5 мың тонна күміс концентратын өндіруге жетеді. Тәжік билігінің мәліметінше, "Якджилва" кен орнындағы күміс шамамен 205 тоннаға жетеді. Айта кету керек, аталған кен орны туралы алғашқы дерек 1962 жылы пайда болған еді. Геологиялық барлау жұмыстары 1984 дылы жүргізіліп, 1991 жылы КСРО-ның күйреуіне байланысты тоқтап қалған болатын. Аталмыш компания күміс кен орнын 12,5 жылда игеріп бітпек. "Якджилва" кен орны Тәжікстанның адам қатынауына қиын таулы өңірінде орналасқан. Бұл өңірде жырты жыл бойы Цельсия бойынша 30 градус суық болып тұрады. 

0 пікір
Мұрағат