Адам құқығын қорғаушылар қуғын-сүргінге көп ұшырайтын елдер белгілі болды
Адам құқығын қорғаушылар қуғын-сүргінге көп ұшырайтын елдер белгілі болды
6 жыл бұрын 2455 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемнің 38 елі бойынша адам құқығының қорғайтын белсенділер көп қуғын-сүргінге ұшырайтын елдерді атады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша адам құқығын қорғаумен айналысатын белсенділерді, атап айтқанда, қадағалау, қоғам талқысына тастау, қаралау, жала жабу, істемеген қылмысты мойнына ілу, т.б. түрінде қуғын-сүргінге ұшыратқан. БҰҰ-ның "қара тізіміне" енген елдер: Бахрейн, Камерун, Қытай, Колумбия, Куба, Конго, Мысыр, Гватемала, Гондурас, Венгрия, Үндістан, Израиль, Мали, Марокко, Мьянма, Филиппин, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Таиланд, Түркия және Венесуэла. Бұл елдерде көбіне ұлттық қауіпсіздікті немесе терроризммен күресті желеу етіп, өзіне жақпаған белсенділердің қыр соңына түскен. 

0 пікір
Мұрағат