14 жастағы конструктор өзінің өнерімен тәнті етті
14 жастағы конструктор өзінің өнерімен тәнті етті
9 жыл бұрын 3234

10-сынып оқушысы Әбдісамат күллі үнді халқын метро пойызының демо үлгісімен тәнті етті. Уттар-Прадеш штатының тұрмысы жұпыны мұсылман отбасынан шыққан бозбала әкесі қоңыртөбел тірлікті қанағат еткен қарапайым жалдамалы жұмысшы болғандықтан қолындағы бар материалмен кәсіби білім мекемелерінде оқитын студенттер мен білікті инженерлердің қолынан келе бермейтін метро пойызының демо үлгісін жасып шығарды. Оның конструкторлық үлгісі батареямен жұмыс істейді. 8 секундтың ішінде 12 метрге дейін қашықтықтықты артқа тастайтын пойыз макеті бар конструкторлық үлгісінде қиылыстар мен бұрылыстар және көпірлер кәсіби маманның қолынан ғана келетін елеулі еңбек болып табылады. Келешегінен көп үміт күттірген жас инженердің бұл жаңалығы елеусіз қалған жоқ. Аталмыш штаттың бас министрі Акхилеш Ядавтың пәрменімен бозбалаға 500 000 рупий сыйақы берілді. Сондай-ақ, министр оған өнерлі бозбала тұратын Шамли ауданындағы кадрларды дайындайтын индустриялды институтқа түсіруге уәде етіп отыр. Бұған қоса, оның оқу ақысын да төлеуге әзір екенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат