1 млн қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берді
1 млн қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берді
2 жыл бұрын 898

Өткен жылы 1 млн-ға жуық қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берген. Бұл күткен нәтиженің жартысы ғана деп жазды ТАСС агенттігі. Бұл туралы nur.kz cайты Астана телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Қытай еліндегі былтыр енгізілген өзгеріске сәйкес, бір балалы отбасыларға екінші сәби сүюге рұқсат берілген. Ол үшін ерлі-зайыпты билікке жазбаша өтініш түсіруі тиіс.

Бірақ, жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде, қалалық отбасылардың 60-65 пайызы ғана екінші нәрестелі болуға ниетті. Ал ауылда тұратындардың көрсеткіші 90 пайызға жеткен.

Еске сала кетсек, Қытайдағы бала туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты халықтың қартаю мәселесі өзекті болып тұр. Өткен жылғы дәйек бойынша, бұл елдегі 60 жастан асқан адамдардың саны 200 млн-ға жетіп, халықтың 14,9 пайызын құраған.

Ал 2025 жылға таман егде тартқан жандардың саны 300 млн-ға жетеді деген болжам бар.

0 пікір
Мұрағат