Лассана Батили Франция азаматтығын алды
Лассана Батили Франция азаматтығын алды
9 жыл бұрын 3119

Париж қаласының маңындағы "Гипер Кашер" супермаркетіне қарақшылық шабуыл жасаған лаңкестер кепілге алған еврейлерді құтқарып, осы ерлігі үшін қаһарман атанған 24 жастағы малилік мұсылман Лассана Батили турасында хабар таратқан болатынбыз, естеріңізде болса. Нақтырақ айтқанда, жас жігіт 15 еврейді тоңазытқышты тогынан ажыратып, соған жасырған болатын. Оның екінің бірі бара бермейтін ерлігін естіп білген Франция тұрғындары қол жинап, петицияға бір аптаның ішінде 200 мыңнан аса адам қол қойған болатын. Онда Лассана Батилиге осы елдің азаматтығын беруді биліктен талап етіп қана қоймай, Франциядағы ең жоғарғы марапат болып табылатын Құрмет легионы орденіне ұсынған еді. Лассани Батили 2006 жылдан бері Франция аумағына заңсыз жолмен келген болатын. Ол 2014 жылдың шілде айында Франция азаматтығын алуға құзырлы орындарға өтініш берген екен. 

0 пікір
Мұрағат