Соңғы Аудиолар
1 пікір
  • Хазіреті Абдулла ибн Масғуд (р.а.) төсек тартып жатқан кезде халифа Осман (р.а.) оның көңілін сұрап, қандай шағымы бар екенін білгісі келеді. Сонда Хазіреті Абдулла ибн Масғуд (р.а.): «Бір ғана шағымым бар, ол – күнәларым» – дейді. Хазіреті Осман (р.а.): «Не қалайсың?» деп сұрағанда, көкейінде көптен күткен үмітін айтып: «Алланың рақымын» – деген еді. Хазіреті Осман (р.а.): «Жылдар бойы алмай тартынған мемлекет тағайындаған айлығыңның берілуін әмір етейін бе?» – дегенінде, ибн Масғуд: «Бұдан кейін оның еш пайдасы бола қоймас» – дейді. Хазіреті Осман (р.а.): «Артыңдағы балаларыңа пайдасы болар» дегенде, ол: «Балаларым кедей болып қалар деп қорқамысың? Мен оларға әр түні «Уақиға» сүресін оқыңдар деймін. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Кімде-кім әр түні «Уақиға» сүресін оқуды жалғастырса, мұқтаждық пен кедейлік көрмейді» дегенін естіген едім», – деп жауап береді.
    2 жыл бұрын