Соңғы Аудиолар
2 пікір
  • Фатиха сүресі туралы не білесіз?

    Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
    «Фатиха мен Аятүл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді».
    «Фатиха мен Аятүл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді».
    «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа».
    «Ең қасиетті сүре – Фатиха».
    «Фатиха сүресі Алла Тағаланың ашуының алдын алады».
    «Фатиха сүресі уларға қарсы шипа».
    *** Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, Пайғамбарымыз былай дейді:
    «Ант етемін, Алла Тағала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан» (Тирмизи).
    *** Сүйікті Пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
    «Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі» (Мүслим).
    *** Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Алла Тағаланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулулла (с.а.у.): «Не оқыдың?» - деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
    «Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
    1 жыл бұрын
  • «Фатиха» сүресі

    Құран кәрімнің беташары саналатын бұл сүре пайғамбарлықтың алғашқы жылдары Меккеде түскен, ұзын саны 7 аяттан тұрады. Бірден толық күйінде түскен ең алғашқы сүре болып табылады. Сондықтан да «бисмиллә» «Фатиха» сүресінің, ал «Фатиха» сүресі бүкіл Құранның мәйегі, қысқаша мазмұны іспеттес. Бұл сүренің «Фатихадан» басқа жиырма шақты атауы бар. Мәселен, намазда оқылуы уәжіп болғандықтан, «Суратус-сала» (намаз сүресі), Алла Тағаланың Аршының астындағы қазынадан түсірілген сарқылмас рухани қазына мағынасында «Кәнз», дертке дауа мағынасында «Шәфия», бір өзі жеткілікті деген мағынада «Уафия», «Кафия», Құрандағы бүкіл сүрелердің негізі, өзегі мағынасында «Үммүл-китаб», «әл-Әсәс» атауларын атап өтуге болады. Расында, бұл сүре Құран кәрімнің қысқаша мазмұны болып табылады. Жалпы, Құран Кәрімнің негізгі тақырыптары мыналар:
    1. Таухид, яғни, бір Аллаға ғана табыну.
    2. Нубууә, яғни пайғамбарлық.
    3. Ақирет, яғни, о дүниеге қатысты ғайыптан хабарлар.
    4. Құлшылық пен әділдікті қамтыған тура жол.
    Байқасаңыз, «Фатиха» сүресі де аталмыш тақырыптардың бәрін қамтиды.

    1. Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).
    2. Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы – бір Аллаға арналады.
    3. Ол – Рахман әрі аса рақымды,
    4. Дін (жауапқа тарту һәм үкім шығару) күнінің иесі.
    5. (Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз.
    6. Бізді (разылығыңа жеткізетін) тура жолға сала гөр!
    7. Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлеген (ізгі құлдарыңның) жолына (сала гөр)!

    {ҚҰРАН КӘРІМ. Қазақша түсіндірмелі aударма. "Көкжиек" баспасы}
    9 ай бұрын