Жалғыз басты ана
Жалғыз басты ана
9 жыл бұрын 7537
Абай ХАМЗА

Бұл заманға сай шыққан жаңа ұғым. Бұрынғы қазақ қоғамында болмаған. Сондықтан мұндай сөзді, ондай атауды да білмеген. Жасы келсе де күйеуге шықпай отырып қалған әйел затын “Кәрі қыз” деген. Бірақ оны да далаға тастамай, жөнін келтіріп, теңін тауып тұрмыс құрғызған. Ал балалы болған соң күйеуі қайтыс болған әйел болса оны “Жесір әйел” деп атаған. Өзін де, баласын да жетімсіретпей, әменгерлік деген жақсы дәстүрмен ондайларды да иелі еткен. Ілкіде некен-саяқ күйеуге шықпай тұрып, жеңілтектікпен екіқабат болып, бала туған қыз болса — ол әке-шеше, туған-туыс, ел бетіне шіркеу түсірер қылық деп, дабыра қылмай жасырылған. Ондай некесіз әйелден, ойнастан туған баланы “шата” деп атаған. Алайда оларды да шетке қағып, қаңғытып жібермеген, үйлене алмай жүрген бір азаматқа қосып, ұятты әйелді күйеулі, иесіз баланы әкелі етіп, қоғамның кемшілікті орнын толтырып отырған. Қазақ қоғамындағы осы тамаша үйлестіру, адамгершілік іс-әрекеттің бәрі де мұсылманшылдықтың жемісі деп қарау керек. Яғни ислам дінінде некесіз қосылуды рұқсат етпейді. Оны зина деп санап, үлкен күнәнің қатарына жатқызған. Ал некесіз жұптан туған сәбиді тексіз ұрпақ деп есептеген. Мұндай ізгі қоғамда әйел адамды аса құрметтеуді, оны теріс жолға итермелемеуді ер азаматтарға міндет етеді. Қыздың намысын қорғау қыздың ғана емес, жігіттердің де қолында деген сөз.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынау хадисі осыған дәлел: Алла Тағала әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болуды бұйырады, өйткені олар - аналарың, әжелерің, қыздарың, әпкелерің, қарындастарың.

Біздің қоғамда қазіргі қалыптасқан жағдайдағы “жалғыз басты аналарды”  және саны артып бара жатқан «отырып қалған қыз» мәселесін дәстүрлі қазақ қоғамының жоғарыда аталған адамгершілікке сай жолдарымен әлеуметтік жағдайын толық шешуге болады. Одан жоғары жолды ойлап  табу қиын. Себебі, ақиқат жолы да, әділдік жолы да біреу ғой. Және, бұл қазіргі күнгі ең басты әлеуметтік мәселе болып қаралу керек.

2 пікір
  • Казыргы заманнын ен басты проблемасы отырган кыз бен жесыр айелдер когамда кобеймесе азайыб бара жаткан жок аталарымыздын салт дастурыне бырак кыз келыншектерымыз немгырайлы карауынан деп ойлаймын
    9 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум уа рахматул лахи уа баракатух. Егер дорекi жазсам, артык кеосем конiлге тиетiн соз жазсам КЕШIPIНIЗДЕР БIРАК БУЛ ШЫНДЫК казipгi кездегi улдармен кыздарда УЯТ, НАМЫС, ИМАНДЫЛЫК жок барлыгы емес арине 100% ден 80-90%ы бул жагдай ОКIНIШТI... Кобici айтады ЗАМАН озгердi деп жо жооок ЗАМАН емес АДАМ озгердi АДАМ... Алдын некесiз ЖIГIТ пен КЫЗ уят нарселердi йуде жасайтын болса бул бiз ушiн ЕН СОРАКЫ БОЛАТЫН ал казip ондай уятты нарселердi кошедеде жасай беретiн болган Астахфируллах. Мiне осыдан кейiн калай жетiм балдар кобеймесiн...? Кыздар бай Адам болса дереу жабыса кетет онын отбасы барма жокпа кызыктырмайды... Ал улдар жас кыздарга тиседы мiне осыдан кейiн АЖЫРАСУ кобеймегенде кайтсiн барлыгы демеймiн 100% ден 60-70% i осылай мiне осындай жагдайдан сон КАЗАК деген атка калай ЛАЙЫК болады ИСЛАМ дiнi калай котерiледi. Будан шыгатын клрытынды тек кыздар кiналi, тек удар кiналi емес... Улдарда, кыздарда КIНАЛI... АХЫРЕТТI ойланыздар АХЫРЕТТI...
    9 жыл бұрын