Ассаляму аалейкум! Сәл басы ауыратын койды курбандыкка шалса бола ма? Айкайласаң сезбейді, қысқасы сәл куады.
|
Тентек қойды құрбандыққа шалуға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бисмилләһир рахманир рахим
Тентек қойды арабша "الثوَّلاء" дейді. Тентек қойды құрбанға шалуды, кей мәзхаб ғалымдары дұрыс көрмейді. Бірақ, Ханафи ғалымдары «күйіс қайыратын» және «шөп жейтін» тентек қойды құрбанға шалуға жарамды санайды. Бұл дегеніміз, малдың тентектігі күйіс қайыруына, шөп жеуіне кедергі болса, құрбандыққа жарамсыз дегенді білдірмек.
Өзекті сұрақтар
■
Үйде Құран кітабы бар, бірақ оқи алмаймын. Оны мешітке өткізсем бе екен?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
КІМДЕРДІҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ?
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?