Сүннет намазын оқитын кезде орын ауыстыру деген нәрсе шариғатта бар ма?
Сүннет намазын оқитын кезде орын ауыстыру деген нәрсе шариғатта бар ма?
5 жыл бұрын 12830

Мешітте имаммен намаз оқығанда, парыз намазынан кейін жамағаттың көбі бұрыш-бұрышқа кетіп, саптан тарасып намаздарын оқып жатады. Осы шариғатта дұрыс па? Ақылбек.

Кейбір беделді Ханафи фиқһ кітаптарында, намазда имам болған кісінің сүннеттерді оқитын кезде, орнын ауыстырғандығы дұрыс, ал, орын ауыстырмай, дәл парызды оқыған жерде сүннеттерді де оқуы мәкруһ делінген. Бұл жайында сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Сүннет) намазын оқыған адам алға шығуға немесе артқа шегінуге қинала ма?» – дегендігі риуаят етіледі[1].

Бірақ, ұюшыға мәкруһ емес. Ұюшы парыздан кейін сүннеттерді де саптан айырылмай, парызды оқыған жерінде оқи берсе болады, әйтсе де, саптан оңаша шығып, сүннетті басқа жерде оқығандығы мұстахаб саналған[2].

Ендеше, парыз намазын аяқтағаннан кейін сүннетін оқитын кезде имам болсын, ұюшы болсын, оңға не солға (бос орын болса) бір қадам жылжып, яки, артқа шегініп, бір бос орынға барып оқығандығы абзал екен. Дегенмен, орнын ауыстырмай, тұрған жерінде оқып жатса да намазы дұрыс. 


[1] Ибн Мәжә: «Сүнән» - Бәбус сала - №1427 хадис.
[2] Имам Аләуддин әл-Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъ» - 2 том, 267 бет.

Абдусамат Қасым