Әссәләмуғалейкум! Намазда жаман ой келіп калып: «Я,Раббым кешір» деп, байкамай айтып калдым. Әділжан.
|
Намазда «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойсам, намаз бұзыла ма?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намаз оқып тұрғанда қазақша айтқан дұғамыз мазмұны жағынан Құранда айтылған дұғаларға ұқсас болып келсе, оның намазға зияны жоқ. Бұған қатысты ғалымдарымыз: "тек Алладан ғана сұралуы мүмкін нәрселерді сұрау Намазды бұзбайды" деген.
Оның үстіне, сахаба Хузайфадан жеткен хадисте: «Алла елшісі екі сәжде арасында: «Раббиғфирли, Раббиғфирли» деп айтатын еді...», - делінеді. (Бәйһақи). Оның мағынасы: "Раббым, кешіре гөр".
Осыған орай, «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойған болсаңыз, Құран және хадистерде айтылған дұғалармен мазмұндас болғандықтан, оқыған намазыңыз дұрыс.
Өзекті сұрақтар
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?