Ассаламуалейкум! Өртеніп өлген, суға батып ұзақ күндерден сон табылған мәйіттерді жуу рәсімі қалай болады? Денесі күлдіреп кеткен болса, таяммум алдыра ма? Алтынбек.
Мәйіттің денесі жууға келмейтіндей күйде болса, не істемек керек, таяммум алдыру керек пе?
|
Әлхәмдулиллә. Уассәләту уәссәләму алә Расулиллә.
Уағалейкумуссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәйіттің денесі ісініп кетсе немесе күлдіреп жууға келмейтіндей күйде болса, денесіне құр ғана су құйып шығады, жуып, ысқыламайды1.
Мәйітке таяммум қашан алдырады?
- Егер, жуатын су табылмаса, мәйітке таяммум алдырады.
- Әйел кісі қайтыс болып, жуындыратын әйел адам табылмаса, (қолдарына мата орап) таяммум алдырады.
- Ер адам қайтыс болып, жуындыратын ер адам табылмаса, таяммум соқтырады.
- Хунса мүшкіл (не әйел, не еркек екендігі белгісіз адам) қайтыс болса, таяммум соқтырады2.
Өліге қалай таяммум алдырады?
Сүйекке кірген кісі өзі жер жынысына жататын затқа екі қолын соғып, алдымен мәйіттің бетін сипайды, одан кейін қайта соғып, мәйіттің алдымен оң қолын шынтағымен қосып сипап шығады, артынан сол қолын шынтағымен қосып сипайды. Осыны - мәйітке таяммум алдыру деп атайды. Осы тұрғыда, қайтыс болған әйел адамға таяммум алдыратын ер кісі қолына мата орап алады.
Жер жынысына жататын заттар: топырақ, құм (топырақ және құммен сланған дуалға соқса болады), бетон, әк (әктелген дуалға соқса болады), тас, мрамыр.
1 والمنتفخ الذي تعذر مسه يصب عليه الماء («Мароқиль Фәләх», Хашияту Тахтауи).
2 Имам Бәбәрти: «әл-Ъиная шәрхуль Һидая».