Қыз ұзату кезінде сыңсу айтудың орнына салауат айту дұрыс па?
Қыз ұзату кезінде сыңсу айтудың орнына салауат айту дұрыс па?
1 жыл бұрын 3321

Қыз ұзату кезінде сыңсу айтудың орнына салауат айту дұрыс па?

Сыңсу, бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылатын үрдіс. Бұл үрдісті, әсіресе бұрынғы заманда «судай сіңіп, тастай бат» деген қағидамен және «қайта келген қыз жаман» деген түсінікпен, «енді қашан келемін, енді қашан көремін» деп қыз байқұстың еліне деген, ата-анасына деген сағынышын күннен бұрын білдіру әдісі деп түсінуге болады.

Сондай-ақ, сыңсу үрдісін қимастықтан туындаған қыздың сол сәттегі эмоционалдық жай-күйінің көрінісі деу де қате емес. Қазірде де ата-анасын қимай, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататындар бар. Осындай жай-күйден сыңсу өлеңдері туған. 

Алайда сыңсу үрдісін жаңғырту әркімнің өз еркіндегі іс екендігі жасырын емес, мысалы, қазіргі таңда көп жағдайда ұзатылып жатқан қыздан сыңсуы талап етілмейді. Онсыз да, қыз көңілі босап, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататын жайы бар. Ал сол сәтте салауат жырын қойып қойса немесе діни өлең қойып қойса яки қазақша сыңсу өлеңі қойылып, не болмаса жар-жар айтылып және сондай әуендердің сүйемелдеуімен қыз ұзатылып кетіп жатса, оның еш ағат тұсы жоқ.

Абдусамат Қасым