Әссәләмуғалейкум! Зоофилияға дініміз қалай қарайды? Арман.
|
«Зоофилияның» Исламдағы үкімі қалай?
|
Уағалейкумуссәләм!
«Зоофилия» - хайуанмен жыныстық қатынасқа түсу әрекеті. Зоофилия Исламда ауыр күнә, арсыздыққа жататын харам іс. Тіпті Шәфиғи мәзхабында хайуанмен жыныстық қатынасқа түскен адамға зина жазасы беріліп, дүре соғылады делінеді (әріберіденсоң өлім жазасына кесіледі дегендер де болған). Алайда, көпшілік Ислам ғұламаларының тоқтамы бойынша, «зоофилиямен» айналысқан адам өлім жазасына кесілмейді, бірақ қазы оған «тәъзир» жазасын, яғни, әкімшілік жаза шарасын қолданады.
Зоофилия ісі қаншалықты ауыр?
Зоофилия ісінің қаншалықты ауыр әрі өте арсыз іс екенін ұғу үшін ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына бір сөзі жеткілікті. Ол (с.а.у.) ондай әрекеттің қаншалықты харам іс екенін ұқтыру үшін былай деген: «Малмен қатынасқа түсіп жатқан әлдекімнің үстінен түссеңдер, оны да, малды да өлтіріңдер!»[1]. Алла елшісінің бұл хадисін тікелей мағынада емес, сол істің қаншалықты ауыр екенін білдіру үшін қатаң тілде айтылған деп түсіндіреді көпшілік ғалымдар. Тағы бір хадисінде: «Хайуанмен қатынасқа түскен адам - лағынетке ұшыраған адам» делінеді[2].
Ал жыныстық қатынасқа түсілген хайуанның етін жеуге бола ма?
Еті желінетін хайуан түрінен болса (мысалы, қой, ешкі), кей мәзхаб ғалымдары ондай хайуанның етін жеу адал десе, кей ғалымдар етін жеуді мәкруһ санаған. Етін жеуді адал санайтындардың арасында Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) мен Мәлики мәзхабы ғалымдары бар. Ал ондай малдың етін жеуді дұрыс көрмейтіндердің ішінде - Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің есімі орын алған, бұл қос ғұламаның пікірі бойынша, ондай малды бауыздайды, бірақ еті желінбей, өртеледі дейді ол екі ғұлама[3].
Тәуфиқ пен һидаят Алладан! Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!
[1] Имам Ахмад: «Мүснәд».
[2] Имам Ахмед: «Мүснәд».
[3] Дереккөз: «әл-Мәусуъатуль Фиқһиятуль Куәйтия».