Пайғамбарымыз осындай ас мәзірімен жүріп дінді жайды! Қаншама шайқастарды, қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ соның өзіне қарамастан, Алланың бұйрығы деп, "үмбетім" деп біз үшін қам жеп, уайымдады. Барлығына төзіп сабыр етті! Кей кездері таныстарымның асқа отырғанында, тамаққа көз салып, "мынаның еті жоқ қой!" немесе "кешегі тамақты ішпеймін" дегені қатты қынжылтады. Ондай кезде Пайғамбарымызды еске ала отырып, Алланың оған берген нығметтеріне неге шүкір етпейді деген сұрақ туындайды. Себебі кей адамдар, сол суыған, еті жоқ сорпаның өзіне жете алмай жүргенін ойламайды ма?
суреттер мен мәтінді жеке-жеке көшіріп алсаңыз болады.