Қазақтың қарапайым баласы Испания және Португалия футбол академияларына қалай алынды
Қазақтың қарапайым баласы Испания және Португалия футбол академияларына қалай алынды
5 жыл бұрын 2475

14 жастағы Ақжол Әбдірахманов қалай көзге түсті, ұлттық құрамаға қалай шақырылды.

Бұл туралы Ақжол Әбірахманов Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында толығырақ айтады.

F: Ақжол, сен қайда дүниеге келдің, қандай мектепте білім алдың?

- Мен негізі Алматыда туып өстім. Бірақ, тегім Жамбыл облысы, Меркі ауданымен байланысты және мен оны ерекше мақтан тұтамын.

F: Ата-анаң немен айналысады? Отбасың туралы айтып өтсең.

- Біздің отбасымыз үлкен. Анам үй шарасымен айналысады, ал әкем мемлекеттік қызметте. Жалпы, менің 3 ағам және 1 қарындасым бар.

F: Футболмен қай кезден бастап айналысасың? Қайда жаттықтың? Сені бұл спорт түріне кім алып келді?

Маған бұл ойын өте ұнайды. Себебі, мен бала кезімнен ағаларымың футболға қатты әуес болғанын, олардың алаңда барын салып, жан-тәнімен беріліп ойнағанын көріп өстім және мен әрдайым футболшы болуды армандадым. Ал өзім бұл спортпен кішкентай кезімен бастап айналысамын. Алғашында ағаммен бірге ауладағы алаңда жаттығып жүрдім. Осыдан кейін ол мені футбол секциясына берді.

F: Сенің Қазақстан жасөпсірімдер құрамасында ойнатыныңды білеміз. Ал онда қалай алындың?

 - Мен Ұлттық құрамадан бұрын Испанияда ойнап жүрдім. Сол кезде бізге Қазақстаннан Валерий Вальмери деген бала келіп қосылды және біз онымен жақсы араласып кеттік. Кейін белгілі болғандай, Валерий Қазақстан құрамасында ойнайды екен. Ал араға уақыт салып мені құраманың бапкері Александр Кузнецов байқап қалып, мені жаттығу жиынына шақырды. Мен осылайша алғаш Қазақстан құрамасының жейдесін кидім және осы сәттен бастап маған футбол алаңдарында Қазақстан намысын қорғау бақыты бұйырды.

F: Ал испандық футбол академиясына қалай тап болдың? Бұл қай кезде болды?

- Иә, мен Барселонадағы Марсет академиясында ойнадым. Жалпы оның құрамында 4 жылдай уақыт болдым. Ал онда Түркия арқылы бардым. Біз отбасымызбен сонда болған едік. Себебі, ата-анам онда жұмыс бабымен барған болатын. Бұл 2014 жылы еді, мен бұл кезде 9 жаста болатынмын. Түркияда тұрған кезде футбол секциясына жазылдым және жаттығып жүрдім. Ал араға бір жыл салып жергілікті турнирлердің бірінде мені Испания футбол академиясының скауты байқап қалды және аталған шарадан кейін өз еліне шақырды. Әрине, оның жасаған ұсынысы менің анамды қатты алаңдатты, себебі мен әлі кішкентай едім. Дегенмен, анам қанша жерден уайымдаса да менің болашағыма сенді, келешегім фотболмен байланысты ененін білді және қолдады.

F: Ал енді Португалияға қалай бардың? Онда кім ықпал етті, кім себепкер болды?

- Португалияға ауысу туралы ұсынысты Александр Кузнецов жасады. Бұл жаз айында болатын. Мен онда негізі екі аптаға барған болатынмын. Ал маған онда қатты ұнады, сондықтан бір маусымға қалуды шештім. Қазір 18 жасқа дейінгі ойыншылардан жасақталған команда құрамындамын. Мен бұл жерде ең кішкентай ойыншы болып табыламын. Жалпы, нақтырақ айтсам, Александр Кузнецовпен өзімнің жақын досым Валерий арқылы таныстым. Мен онымен Барселонада ойнағанымды жоғарыда айттым. Ал ол өз кезегінде Кузнецовқа Барселонада өзімен бірге тағы бір қазақстандық баланың, яғни менің ойнайтынымды айтқан және ол менің ойыныма қызығушылық танытты. Маған сенім артқан Александр Кузнецовқа және португалдық жаттықтырушыларға үлкен алғысымды блдіргім келеді. Себебі, олар маған керемет мүмкіндік берді және менің қалыптасуыма бар жағдайды жасады. Олар нағыз кәсіпқойлар.

F: Ал Валерий қазір қайда? Ол қандай ойыншы?

- Валерий досым қазір Барселонада және Қазақстаның U-15 құрамасы үшін ойнайды. Ол өте жақсы ойыншы және мықты шабуылшы. Біз бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз және қандай жағдай болмасын көмек беруге әзірміз.

F: Өзің жаттығып жүрген Bsports туралы айта кетсең. Бұл қандай клуб? Қандай команда?

- Bsports - лигада ойнайтын партугалдық академия болып табылады. Бізде «Порту» сияқты командалармен үнемі кездесулер болып тұрады.

F: Сенің Португалидядағы күндерің қалай өтуде? Күн тәртібі қандай? Оның ішінде жаттығудың үлесі қаншалықты басым?

Мен әрдайым таңғы сағат 7-де тұрамын. Ұйқыдан оянған бетте ең алдымен допқа қарай жүгіріп, таңсәріден жаттығуға кірісеміз. Осыдан кейін ғана таңғы асымызды ішеміз және одан кейін сабаққа атанамын. Мен ағылшын, испан тілдерінде сөйлей білемін, қазіргі кезде португал тілін үйреніп жүрмін.

F: Академияда сенен басқа тағы қандай елдердің ойыншылары бар? Қасыңдағы жігіттер кім?

- Бұл жерде әлемнің әр түкпірінен келген ойыншылар бар. Бізде Ливан, АҚШ, Франция, Испания және тағы бірқатар елдердің өкілдері жаттығады. Мен қазір 14 жастамын. Ал олардың барлығы менен 3-4 жас үлкен жігіттер. Олар маған ардайым қолдау көрсетіп келеді. Футбол алаңында, күнделікті өмірде барынша демеуге әзір.

F: Жалпы Португалияда футбол қалай дамуда? Балалар мен жастардың қызығушылығы қандай?

Бұл жерде бәрі Барселонадағы сияқты. Португалдықтар үшін кәсіпқой командалар арасындағы кез келген матч мереке болып саналады. Бұл жерде футбол өте жоғарғы деңгейде дамыған, оған деген қызығушылық өте жоғары. Қазір мен Еуропаның осы бір елінде барынша тәжірибе жинауға тырысып жатырмын. Ал бұл тәжірибемді болашақта Қазақстан намысын қорғау үшін, оны әлемдік аренада танымал ету үшін жұмсайтын боламын.

F: Бапкерлерлердің көзі неліктен саған түсті деп ойлайсың? Сенің ойыныңды жалпы қалай бағалайды? Қасыңдағы жігіттер сен туралы не ойлайды?

- Мен барынша намысқа тырысып, өзімді жан-жақты көрсетуге тырыстым. Оның үстіне бойымның кішкентай болғанына қарамастан, үнемі үлкен балалармен ойнадым, тіпті қатарластарымның арасында ең кішкентайы мен боламын. Басқалардан үнемі ерекшеленіп тұрдым, сондықтан мені бірден байқаған шығар. Ал қатарластарым мені қазақстандық Пеле деп атап кетті. Бәлкім, бет-келбетім, бойым мен шашымның ұқсастығына қарап, солай атайтын шығар. Ал жалпы Пеленің ойыны маған ерекше шабыт береді, бойыма ерекше рух береді. Мен келешекте осындай керемет ойыншыға айналғым келеді.

F: Жалпы қандай ойыншыларды жақсы көресің? Қазақстанда және әлем футболшыларының ішінен тағы кімдерді үлгі тұтасың?

- Иә, өзім керемет бағалайтын ойыншылар бар. Қазақстаннан Исламханды атап өтер едім, ал әлемдік деңгейдегі футболшылардан Марсель үлгі тұтар ойыншым. Мен оларды ерекше құрметтеймін және алаңдағы шеберліктеріне таңданамын.

F: Қазір қайда тұрасың? Футболдан бөлек білім алудасың ба?

- Қазір Bsports академиясында тұрамын. Португалияның бағдарламасы бойынша онлайн білім аламын. Себебі, жаттығуларға байланысты сабаққа толық қатысуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен, білім жағынан қатарластарымнан қалмауға тырысудамын. Барселонада мен спорт мектебінде оқыдым, ал онда бейнелеу, дене шынықтыру, музыка пәндері алынып тасталған еді. Себебі, олардың қажеті жоқ деп саналды, сондықтан тек негізгі пәндер бойынша оқыдым.

F: Қазақстанға қашан келесің?

Қазір Португалиядамын және алда уақытта осы елдің азулы клубтарына қарсы ойнайтын боламыз. Қазақстанға қарай каникул кезінде ұшамын деген жоспарым бар, отбасымды көрмегелі біраз уақыт болды. Мен Еуропада жүргендіктен туыстарымды қатты сағынамын, олармен әрдайым байланысып тұрамын. Себебі, небары 14 жасыңда Еуропада жалғыз өмір сүру қиындау екен.

F: Ал португалдықтар сені қалай қабылдады? Олар несімен ерекшеленеді?

- Португалдықтар испандықтардан қатты ерекшеленбейді. Олардың менталитеті ұқсас келеді. Қонақжай, кішпейіл және өте мейірімді адамдар.

F: Сенің алдағы жоспарың қандай? Қандай арманың бар?

- Қазір менің ең басты мақсатым-жан-жақты даму және білім алу. Еуропада үйренгенімді Қазақстан құрамасында қолданғым келеді. Өйткені мен елімнің патриотымын!

0 пікір
Мұрағат