Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды
Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды
4 жыл бұрын 3233 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ тұрғындарының арасында қайтыс болған соң түрлі экологиялық залалы жоқ жолмен жерленгенін қалайтындар қарасы артып келеді. Бұл жайында PHYS.ORG ақпарат көзі хабар таратты. Осы уақытқа дейін 100-ге тарта адам өзін биологиялық жағынан тез ыдырайтын материалға кебінделіп, емен тоғайында, терең қазылмаған қабірде жерленгенін, осылайша тезірек топыраққа айналғанын қалап, өтінішін заңдастырып қойған. Басына құлпытас орнатпауы тиіс. Әзірге экологиялық жолмен жерленгісі келетіндердің мәйітін жер қойнына тапсыруға бейіттерден жетеуі Экологиялық жерлеу кеңесінде салалық сертификаттау бойынша ресми тіркеліп үлгерген. Айта кету керек, кей штаттарда баламалы жерлеуге шектеу қойылған. Алайда, экологиялық жерлеудың танымалдылығы артып келеді. Жасыл жерлеу кеңесінің келтірген дерегіне қарағанда, жылына жерлеу рәсімі кезінде жерге 40 млн-нан аса галлондық бальзам сұйықтығы төгіледі, бұдан бөлек, табыт үшін 64 мың темір мен 1,6 млн тонна бетон көміледі. Аталмыш трендтің пайда болуына не түрткі болды? Бүгінгі таңда бақилық болған америкалықтардың жартысы өртеледі, яғни, мүрдесі кремацияға жөнелтіледі. 1960-шы жылдары бұл көрсеткіш бар-жоғы 4%-дан аспаған еді. Алайда, мәйітті өртеу кезінде автокөлік 800 шақырым жол жүргенде бөлетін ластау заттарын бөлетіні «жасыл жерлеу» трендінің пайда болуына себеп болды. Қазірдің өзінде, осы бағытта арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, америкалықтардың 52%-ы «жасыл жерлеуді» жақтаған. Мәселен, Висконсин штатында сілтілі гидролизге рұқсат беретін заң жобасы қабылданған болатын: кремацияның экологиялық жағынан таза түрі – мүрде шапшаң ыдырауы үшін қысымда аталмыш ерітінді, яғни, сілтілі гидролиз пайдаланылады. Осы жылдың бас кезінде аталған елде адамның мүрдесін жедел тыңайтқышқа айналдыруға мүмкіндік беретін технологияны қолдануға мүмкіндік беретін заң қабылданған еді. Десе де католик шіркеуі бұл бастамаға наразылық білдірген болатын – адам мәйітіне құрметсіздік таныту деп таныды. Алайда, жерлеудің жаңа түрі кеңінен қолданыла бастады. Өйткені, адам мәйітін бұрынғы тәсілмен жер қойнына тапсыру бағасы тым қымбатқа түседі: жерлеу рәсімі 8000 долларды, ал қабір аумағындай жер телімі 1000-4000 долларды құрайды. Бұдан бөлек, жерлеу операторлары ағаштың саясында жерленгісі келетіндер үшін 2000-4500 доллар сұрайды. Қызметі мен жер телімі үшін.

0 пікір
Мұрағат