|
Катардағы әлем чемпионаты – әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздігі
|
Халықаралық футбол федерациясының президенті Жанни Инфантино Катарда өткен әлем чемпионаты ұйымдастыру жағынан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздігі болғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Marca ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған дәлел ретінде ол матчқа келген көрермендер санының көптігін алға тартты. Бұрынғы әлем чемпионаттарынан айрықшалайтын осы ерекшелігін алдымен ауызға алды. «ФИФА-ның Катарда өткен әлем чемпионатынан түскен табысы 7,5 миллиард долларды құрайды. Бұл төрт жыл бұрынғы көрсеткіштен бір миллиардқа көп. Турнирдің матчтарын 3,27 миллион көрермен тамашалады», деді ол. Осылай деген ол 2026 жылы өтуі тиіс келесі футболдан әлем чемпионатына 48 команда қатысатынын мәлімдеді.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
Моңғолиядан келген қандастардың жалпы еңбек өтілі енді Қазақстанда есепке алынады
■
Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
■
Биылғы ең ықпалды 10 мемлекет аталды
■
Зорлық-зомбылықтан өлім-жітім азайып келеді