Француз клубы футболшыны ЛГБТ насихатынан бас тартқаны үшін ойыннан шеттетіп, жеңіліске ұшырады
Француз клубы футболшыны ЛГБТ насихатынан бас тартқаны үшін ойыннан шеттетіп, жеңіліске ұшырады
7 ай бұрын 1059 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Француздық «Нант» футбол клубының шабуылшысы Мұстафа Мұхаммед жексенбі күні «Монакомен» матчтан шеттетілді, өйткені, ойыншының пікірінше,  діни сеніміне қайшы келетіндктен ЛГБТ қозғалысының символдарын насихаттаудан (ЛГБТ символы бейнеленген киімді киюден) бас тартқан. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде goal.com ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жсай отырып хабарлайды. Футболдан Франция чемпионатындағы кездесу гомофобиямен күреске арналған еді. Мұстафа Мұхаммедтің арсыздық пен азғындықты насихаттаудан бас тартқаны үшін санкцияға ұшырауы бірінші рет емес. Өткен жылы аталмыш клуб басшылығы Тулуза командасымен матчта ойыншылардан ЛГБТ нышандарын бейнеленген киімді киюді талап еткен. Мысырлық ойыншы бас тартқандықтан оған айыппұл салынды. Өткен маусымда 29 матчта 8 гол соққан Мұхаммедтің ойыннан шеттетілуінің нәтижесі көп күттірген жоқ – «Нант» командасы «Монакодан» 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

0 пікір
Мұрағат