Ақ фигуралардың артықшылығы жойылуы мүмкін
Ақ фигуралардың артықшылығы жойылуы мүмкін
3 жыл бұрын 2577 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Лондон қаласындағы королдік колледждің және Нью-Йорк университетінің мүшелері шахматтағы ақ фигуралардың артықшылығын жоюды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Sunday Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қалай жояды? Мамандар бұл тарапта мынадай пікір білдіріп отыр әрі ұсыныс ретінде ортаға тастады: ақ фигура бірінші жүріс жасайтындықтан қара фигураға екі жүріс жасауға мүмкіндік беру керек – бұл жайт өз кезегінде ақ фигурамен ойнап отырған адамның артықшылығын жойып, ойынды теңестіреді, дәлірегі, екі жақ үшін әділетті қадам болмақ. Дерек бойынша ақ фигуралармен ойнайтындардың, яғни, бірінші жүріс жасайтындардың жеңіп шығу мүмкіндігі жоғары – 64 пайызды құрайды. Осы орайда мынадай қызықты ақпарат келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: 2020 жылдың шілде айында өткен шахматтан әлем чемпионаты кезінде әлемге әйгілі Анатолий Карпов әлемде қара нәсілді шахматшылардың аз екенін айтып қалған болатын. Шахматтың жілігін шағып, майын ішкен маман бұл олқылықты Африка елдеріндегі жалпы орта білім беру жүйесіндегі кемшіліктен көріген еді. Анатолий Карповтың осы мәлімдемесі айтылардан бір ай бұрын австралиялық ABC радиокомпаниясы шахматтағы ақ фигуралардың ойында бастап, бірінші жүруін нәсілшілдіктің көрінісі ретінде бағалаған болатын. Аталған ақпарат көзінің тілшілерінің бұл позициясын шахматтан неше дүркін әлем чемпиондары Гарри Каспаров пен Анатолий Карпов сынға алған болатын. Дәлірегі, гроссмейстерлер мұндай тұжырымды ессіздіктің көрінісі ретінде бағалаған еді.

0 пікір
Мұрағат