ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТА ІСТЕЙТІН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ
ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТА ІСТЕЙТІН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ
6 ай бұрын 511 24.kz

Зиянды жұмыстарда істейтін азаматтарға енді арнайы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады.

Бұл қаржы қызметкер 55 жасқа толған соң зейнет жасына жеткенше төленеді. Сондай-ақ, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы түсіп тұруы міндетті және ол зиянды жұмыстағы қызметін тоқтатқанда беріледі. Мәжіліс осыған қатысты заң жобасын қабылдады. Сондай-ақ, өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау және жазатайым оқиғалардан қорғау үшін міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы нормалар ұсынылды.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Әлеуметтік төлем мынадай негізгі бағыттардан құралады. Бірінші: респбуликалық бюджеттен берілетін арнаулы кәсіптік жәрдемақы, көлемі 2 ең төменгі күнгөріс деңгейі мөлшерінде. Екіншісі жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем. Көлемі 1 ең төменгі көнгөріс деңгейі мөлшерінде. Үшінші сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша жасалатын төлем 1 ең төменгі күнгөріс деңгейі мөлшерінде. Төрт БЖЗҚ міндетті кәсіптік зейнетақы есебінен жасалатын төлем.

 

0 пікір
Мұрағат