Ресейде ЛГБТ-ға заң жүзінде толық тыйым салынайын деп жатыр
Ресейде ЛГБТ-ға заң жүзінде толық тыйым салынайын деп жатыр
6 ай бұрын 988 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

ЛГБТ халықаралық қозғалысы көп ұзамай Ресей Федерациясының қызметі мен насихатына тыйым салынған ұйымдар тізіміне енуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, РФ әділет министрлігі аталмыш қозғалысты экстремистік деп тануды талап етіп жатыр. Әлеуметтік жік тудыратындығы үшін. Бұл іс бойынша сот отырысы қараша айының 30-ы күні өтеді.  Егер бұрын Ресей заңнамасындағы шектеулер тек кәмелетке толмағандар арасындағы ЛГБТ насихатына қатысты болса, енді талаптар әлдеқайда қатаң болмақ. Заңның негізгі жаңалықтарының қатарында жат жыныстық қатынасты насихаттайтын материалдары бар фильмдерге прокат сертификаттарын беруге, сондай-ақ, жынысты ауыстыруға толық тыйым салу бар. Бір жыныстылардың төсек қатынасын немесе жынысты ауыстыруды бейнелейтін немесе көтермелейтін кез келген жарнамаға немесе жарияланымға тыйым салынады. Бұл тыйым кітаптарға, фильмдерге және аудиожазбаларға да қатысты.

0 пікір
Мұрағат