Ұрлыққа үйрететін сайттар бұғатталады
Ұрлыққа үйрететін сайттар бұғатталады
9 жыл бұрын 2830 Baq.kz 1tv.kz ФОТО: fishki.net

Тұрғын үйлерді, көлікті тонауды бүге-шігесіне дейін «үйрететін» сайттар енді бұғатталатын болды. 

Ақтөбелік прокурорлардың ондай интернет ресурстардың жұмысын тоқтату туралы талап арызын сот та қолдады.

Облыс прокурорлары ұрлық-қарлыққа баулитын 7 сайтты анықтапты. Онда пәтерлердің есігін қалай байқатпай ашу, көліктің дабылын ажырату жолдары егжей-тегжей жазылған. Тексеру барысында сайттың «игілігін» көріп жүрген ұры-қарылар да анықталды. Қазір осындай үш іс сотта қаралып жатыр. Бір күдіктіге іздеу жарияланған.

ЖАСҰЛАН ДӘУЛЕМБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

- Осындай қылмыстарға себеп болып тұрған сайттарды жабу керек. Себебі, интернет арқылы сатып алуға мүмкіндік бар. Дүкендердің қасына келіп сигнализациямен машинаның есігін жапқан кезде сканнер арқылы кодын өздеріне алып алады. Сосын, кедергісіз ашады. 

0 пікір
Мұрағат