Ұлттық банк зейнетақы қорындағы қаржыны құнсызданудан қорғамайтын болды
|
Қазақстанның ұлттық банкі зейнетақы қорындағы қаржыны доллар бағамының ауытқуларынан қорғамайтын болды. Қазақстандық депутаттар ұлттық банк төрағасы Ақышевтан азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын индексация жасауды сұраған болатын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Олар валюта нарығындағы тұрақсыздықтың салдарынан қазақстандықтардың ақшасы құнсызданып жатқанын айтты. Ал кеше Данияр Ақышев бұл ұсыныстың қарастырылмайнынын анық түсінідіріп, индексация жасаудан бас тартты.
Бірақ, қаржы реттегішінің бұл ұсыныстан бас тартуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, валюталық кепілдемелерді енгізу еліміздің егемендігінің қағидаттарына қайшы келеді. Себебі, біздің өз валютамыз бар! Екіншіден, мемлекет онсызда ақша айырмашылығының орнын толтырып отыр. Бірақ, АҚШ долларының ауытқуына байланысты айырмашылықты емес, инфляцияға байланысты айырмашылықты.
«Қазақстан Республикасы азаматтарға зейнетақы жүйесіне жинақталған қаражаттарын инфляцияның нәтижесінде болған девальвациядан қорғауға кепілдік береді. Қазақстандағы ынталандырылған зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2% индекстеледі, ал базалық зейнетақы және жәрдемақы инфляция деңгейіне сәйкес келеді. Осылайша, жинақталған зейнетақы қаражатын сатып алу мүмкіндігі мемлекет тарапынан құнсызданудан қорғалған»,- деді үлттық банк төрағасы Данияр Ақыщев.
Бірақ, бастамашылардың өздері депутаттар, бұрынғыша өз пікірлерінен қайтар емес. Айқын Қоңыровтың айтуынша, индексация үшін қаражатты мемлекетке мұнай сатудан түскен қаражат есебінен алуға болады. Мәжіліс депутатының айтуынша, биылғы жылдың басынан бері мемлекет үш триллион теңгеге жуық пайда көрген.
«Қазіргі уақытта салымшылардың ақшасы бюджеттен өтелуде. Біз бұны өте жақсы білеміз. Бұл ресми инфляцияға сәйкес. Бірақ, инфляция деңгейі инфляцияның нақты деңгейіне сәйкес келмейтінін бәріміз жақсы білеміз»,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.
Депутаттар жинақты индексациялау тек халыққа өз ақшаларын сақтап қалуға ғана көмектеспейді, сондай-ақ ұлттық банктің сенімін қалпына келтіреді дейді. Мәжіліс депутаттарының пікірінше, идеядан бас тартпас бұрын оны сынап көрген дұрыс болмақ.