Ұлттық банк криптовалютаға не үшін тыйым салатынын түсіндірді
Ұлттық банк криптовалютаға не үшін тыйым салатынын түсіндірді
7 жыл бұрын 4631 naryk.kz

ҚР Ұлттық банкі криптовалютамен операцияны реттеу мәселесіне өте сақтықпен қарауда. 

Бас банктің мәліметінше, криптовалюта операцияларын бақылау мен реттеу мәселесі өзекті бірақ жұрт ойлағандай оңай емес.

«Қазақстанда, біріншіден, криптовалюта біріңғай эмиссиялық орган жоқ және ешқандай жолмен де сақтандырылмаған. Екіншіден, мұндай сандық валюталар жаһандық деңгейде реттеуді және сақтауды қажет етеді», дейді бас банк.

Бас банктің мәліметінше, ұлттық деңгейде криптовалютаға қатысты заңнамалық шаралар қабылдаудың өзі осы саладағы тәуекелдерді жоққа шығара алмайды.

«Қазіргі таңда біз өзге елдердің тәжірибесін зерттедік. Дегенмен, соңғы шешімді тиісті мемлекеттік органдармен келісуіміз керек», деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Айта кетейік, Қазақстанда криптовалюта саудасы қыза бастады.

«Криптовалютаның эмитенті жоқ, тиісінше, ешкім оған жауапкершілік алмайды және оның заңды түрде «ақша» немесе «төлем құралы» деген атауы жоқ. Қазақстанның жалғыз валютасы теңге. Криптовалютаға қатысты тікелей заңнама болмағанымен, криптовалюта айналымының өзі заңнамаға қайшы келеді», деп хабарлайды Ұлттық банк.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, екінші деңгейлі банктерге криптовалютамен төлем жасауға тыйым салынған.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ақышев криптовалютаға тыйым салынатынын хабарлаған еді.

0 пікір
Мұрағат