Төтенше жағдай енді азан шақыратын мұнарадан хабарланады
Төтенше жағдай енді азан шақыратын мұнарадан хабарланады
7 жыл бұрын 4152 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еліміздің құтқарушылары төтенше жағдайды хабарлаудың жаңа тәсілін қолға алмақшы. Ендігі жерде төтенше жағдай орын алса, өзге құлақтандыру құралдарымен қатар мешіттегі азан шақыратын мұнара да пайдаланылатын болады. Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мәлім еткендей, аталмыш жүйе еліміздің оңтүстігінде кеңінен қолданылып келеді. Аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, ел аумағындағы көптеп ашылған мешіттер арқылы төтенше жағдайларды хабарлау тиімді. Жамағат жиналатын жерден төтенше жағдайдан тұрғындар тез құлақтанады. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 204 мешіт бар екен. Айта кетейік, азан шақырғанда қолданылатын дауыс зорайтқыш арқылы төтенше жағдайды хабарлаудың әбестігі бар ма? Бұл жайында кім не дейді? 

0 пікір
Мұрағат