Табыссыз қалған қазақстандықтар МӘМС жарнасын қалай төлейді?
Табыссыз қалған қазақстандықтар МӘМС жарнасын қалай төлейді?
4 жыл бұрын 2299

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов пандемия кезінде кірістерін жоғалтқан және міндетті сақтандыру жарналарын сала алмайтын қазақстандықтар үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол мүлдем жұмыссыз қалғандар мемлекет тарапынан сақтандырылатынын айтты. Ал қысқартуға түсіп, табыссыз қалған қызметкерлерге компания сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.  

"Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Олар сізді мемлекет аударым жасайтын азаматтардың жеңілдік санаттарының тізіміне кіргізеді. Егер сіз жұмыспен қамту орталығына жүгінбеген болсаңыз, кез келген жағдайда сізге қажет 2 125 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді өздеріңіз жасай аласыз", - деді ол.

0 пікір
Мұрағат