Сусамырмен сырқаттанатындар үшін мобилді қосымша жасалды
Сусамырмен сырқаттанатындар үшін мобилді қосымша жасалды
10 жыл бұрын 3817

Елімізде сусамырмен сырқаттанатындар үшін мобилді қосымша жасалды. Аталмыш жоба авторларының бірі – IT-университетінің студенті Ердәулет Бековтың өзі бірінші типті қан диабетімен сырқаттанады. Қан құрамындағы қанттың деңгейін қадағалап отырудың бірнеше кемшіліктері бар көрінеді. Сусамырмен ауыратындар глюкометрді, тест-жолақты және саусақтан қан алуға арналған аспапты өздерімен бірге алып жүруі тиіс. Бұлардың бәрі адамның денесінде із қалдырады әрі жанына бататындықтан олардың еңбек етуіне белгілі бір деңгейде кедергі келтіреді. Осындай кемшіліктер мен қолайсыздықтарды ескерген студенттер мобилді құрылғы түрінде аспап ойлап тапты. Ол құлақтың сырғалығына бекітіледі. Гаджет автоматты түрде қан құрамындағы қанттың деңгейін өлшейді де ақпаратты қалта телефонына жөнелтеді. Телефон қосымшасы бірнеше қызметті қатар атқарады – сусамырмен сырқаттанатын адамның өзін-өзі бақылауына мүмкіндік беретін күнделікті жүргізеді, өнімнің көміртекті құндылығына қатысты базаны пайдалануға мүмкіндік береді, тамақтану алдында инсулиннің дозасын есептейді. Бұл жоба да «Өз бизнесіңді құр» байқауына қатысатын болды. Айта кетейік, Қазақстанда 700 мың адам сусамырмен сырқаттанады екен.  

0 пікір
Мұрағат