СҚО-да малдың қиы кәдеге асатын жоба қолға алынды
СҚО-да малдың қиы кәдеге асатын жоба қолға алынды
6 ай бұрын 753 inform.kz Ақерке Дәуренбекқызы

KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы шаруашылықтардың бірі экологиялық жобаны қолға алып, малдың қиынан органикалық тыңайтқыш өндіруді бастады. 

Меңкесер ауылындағы «Мәмбетов және К» ЖШС егін егіп, мал өсірумен айналысады. Енді шаруашылық малдың қиын егіншілікте қолданбақ.

Жоба – «ірі қара малдың қиын сепарациялау» деп аталады. Түліктің қиы азот, фосфор және калий секілді химиялық элементтерге бай. Табиғи тыңайтқыш қолданылған жерден нәтижесінде екі есе мол өнім алуға болады екен. 

СҚО
Фото: Дамир Ескендіров

Кәсіпкер қажетті қондырғыны Түркиядан 150 млн теңгеге сатып алған. Қазір ол тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Техниканы қашықтықтан басқаруға да болады.

кәсіпкер
Фото: Дамир Ескендіров

«Бізге осындай жобаны жүзеге асыру туралы ой 2 жыл бұрын келген. Осы аралықта технологиямен таныстық. Қажетті ақпарат жинадық. Бүгін соның нәтижесін көріп жатырмыз. Іске қосып, алғашқы өнімімізді алудамыз. Бұл тыңайтқыш – 100% табиғи өнім. Ешқандай химиялық қоспа болмайды. Алдымен өзіміздің егістіктерде топырақты құнарландыру үшін пайдаланамыз», - дейді «Мәмбетов және К» ЖШС бас директоры Ойрат Нұрмағамбет.

малдың қиын кәдеге жаратып отыр
Фото: Дамир Ескендіров

Қондырғыны жеткізуші компания өкілдері шаруашылыққа келіп, техниканы құрып берді. Айтуларынша, малдың қиы 100% өңдеуден өтеді. Экологиялық жағынан да өте тиімді. Инновациялық жоба СҚО-да алғаш рет қолданылып отыр. 

СҚО
Фото: Дамир Ескендіров

Бұған дейін облыста 1,2 мың га егіс алқабы су астында жатқанын айтқан едік. 

0 пікір
Мұрағат